Балалар спорты жанданып жатыр

Балалар спорты жанданып жатыр
Сурет: Ашық дереккөз

Алматының іргесіндегі Бесағаш елді мекенінде балаларды спортқа қызықтыру бағытында іс-шаралар өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Шараға белгілі спортшылар, Лондон Олимпиадасының және Азия біріншілігінің алтын жүлдегері Ақжүрек Таңатаров, Азия чемпионатының қола жүлдегері, боксшы Феруза Шарипова т.б. қатысты.

Жиынның мақсаты - жас өскелең ұрпақты мығым, қуатты, ширақ болып өсуге үндеу. Сондай-ақ жастарды спорт арқылы отаншылдық рухта тәрбиелеу. 

«Шара өсіп келе жатқан жас буынның бойындағы спортқа құмартушылығын ояту болып есептеледі. Осы мақсатпен қаракөздерімізді жинап кішігірім жаттығу ұйымдастырылды. Өйткені болашақ чемпиондар осы өскелең ұрпақтың арасынан өрбіп шығады. Сондықтан қазақ жастары жігерлі, намысшыл, білімді әрі спортты жанына серік етіп өссе деген игі ниетіміз бар», - деді Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров.

Бүгінгі жас ұрпақты смартфоннан алшақтату қиын болып тұр. Бұл қоғамның өзекті мәселесіне айналып барады. Сол себепті де спорт осындай олқылықтардың орнын толтыратын көрінеді. Бұл туралы боксшы Феруза Шарипова айтып берді.

«Мұндай спорттық іс-шараларды ұдайы өткізу керек. Сонда ғана балаларымызды смартфонға   телміруден алшақтатамыз. Әлемдік жарыстарда топ жарып жүрген аға-әпкелеріне қарап бой түзеп, үлгі-өнеге алса, нұр үстіне нұр болады», - деп түйді ол.