Балалар ақшаны бейберекет жұмсамайтын болды

Балалар ақшаны бейберекет жұмсамайтын болды
Сурет: интернеттен

Олардың күніне жұмсайтын ақшасына шек қойылды.

Ұлттық банк балалардың банк картасын шектеуге қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Он сегізге толмаған қазақстандықтардың күніне және айына қанша ақша жұмсай алатыны, яғни шегі белгіленеді. Жасөскіндерге қатысты өзге де шектеулер бар.

Ұлттық статбюро дерегінше, биылғы бірінші жартыжылдықта 18 жасқа дейінгі балалардың саны 6,7 миллион адамнан асты. Яғни, олардың үлесі ел халқының 34%-ын құрайды. Бұрын жас ұрпақ жанама түрде ғана банктердің клиенті болатын: ата-аналары олар үшін мерзімді және жинақтаушы депозиттер, құрылыс жинақ салымдарын, немесе білім беру жинақтаушы салымын ашатын.

Айта кетер жайт, еліміздегі барлық банк бірдей шектеу қоймаған.

Halyk Bank-тың балалар картасы арқылы 20 мың теңгені шешіп алуға, карта арқылы операцияларға 50 мың теңге бағыттауға болады.

Kaspi банк балалар картасы арқылы күніне 10 мың, ал айына 100 мың теңге жұмсауға рұқсат етеді.

ЦентрКредит банкі, RBK Bank, Altyn Bank ата-аналарға өз баласы үшін лимитті өз бетінше орнатуды ұсынады.

Jusan банк балалар картасы арқылы сатып алуларға 100 мың теңге арнауға, банкоматтан 20 мың теңге шешіп алуға, 100 мың теңгеге аударма жасауға мүмкіндік береді.

Forte Bank балаларға тәулігіне 50 мың теңгеден шығындауға жол береді.