Бейімдеу орталығына барды

Бейімдеу орталығына барды Сурет: Almaty-akshamy.kz

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова Алматыдағы «Родник» әйелдер мен балаларға арналған әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығына барды.


Кандидат мұндай орталықтардың маңыздылығына тоқтала келе, қоғамдық ұйымдар жұмысының күрделілігін атап өтті, деп хабарлайды «Almaty aqshamy».kz президенттікке кандидат штабының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.


Орталық басшысы Нина Балабаева орталықтың қандай маңызды мәселелерді шешетінін айта келіп, олардың қатарына заңсыз еңбек қанауы, адам саудасы, ажырасқаннан кейін әйелдерге көмектесу секілді мәселелер бар екенін жеткізді.


Салтанат Тұрсынбекова құқық қорғаушылармен, ҮЕҰ өкілдерімен және қаланың қоғамдық пікір көшбасшыларымен де кездесу өткізді. Кездесуге қатысушылар жеңілдетілген ипотека, әлеуметтік тұрғын үй, балалардың құқықтарын қорғау, кедейлік және табыс теңсіздігі мәселелерін және басқа да көптеген өзекті тақырыптарды көтерді.


-Шетелде әрбір реформа оны ұсынған және жүзеге асыратын шенеуніктің есімімен аталады. Бізде де солай болуы керек. Сонда тұрмыстық зорлық-зомбылық, суицид, есірткі қылмысына тосқауыл үшін – әрбір жеке шенеуніктің жеке жауапкершілігі болады. Нәтижелердің жоқтығы үшін де жауапкершілік болады. Реформаларды ұсыну және механизмді әзірлеу жеткіліксіз, статус-квоны өзгертуге қол жеткізу керек. Себебі, әр түрлі бағдарламаларға әрдайым үлкен қаражат бөлінеді және олардың қаншалықты тиімді әрі сол мақсаттарға жұмсалғаны үнемі анық бола бермейді, - дейді С.Тұрсынбекова.


Президенттікке үміткер С.Тұрсынбекова бұған дейін елордада, Қарағанды, Ақмола, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында болды.


Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы 20 қарашада өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04