Алматыда 20 ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталды

Алматыда 20 ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Алматыда ұрлықпен айналысқан күдікті қамауға алынды. 

Бірнеше рет сотталған азамат Алматы аумағында кем дегенде 20 ұрлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Алмалы ауданының полицейлері ойын-сауық орындары мен әкімшілік ғимараттарда бірқатар ұрлық жасады деген күдікпен Түркістан облысының 33 жастағы тұрғынын ұстады. Жас жігіт көбінесе әртүрлі гаджеттер мен әмияндарды ұрлады.

«Жедел уәкілдер іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде 20-ға жуық ұрлық жасады деген күдікпен 33 жастағы С.есімді азаматты ұстады. Қаскөй күн сайын дерлік түрлі мүлікті ұрлады. Оның бірнеше ұрлығы мекемелерде орнатылған бейнебақылау камераларына жазылып қалған», – дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бөтеннің мүлкін ұрлау деректері бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс тергеліп жатыр. ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.