Бақылау камераларының көмегімен бұзақылар ұсталды

Бақылау камераларының көмегімен бұзақылар ұсталды
Сурет: ашық дереккөз

Полиция қызметкерлері ЖБО операторларымен 1996, 1992 және 1996 жылы туған үш күдіктіні анықтады

9 шілде Өскемен қаласының полициясына қала тұрғыны дәмханалардың бірінің маңында бірнеше белгісіз адамдардың дене жарақатын салғанын айтып, арызданған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Полиция қызметкерлері ЖБО операторларымен 1996, 1992 және 1996 жылы туған үш күдіктіні анықтады, біраз уақыттан кейін ұсталды. Олар өз кінәсін мойындады. Ұсталғандарға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді, - дейді хабарламада.