БАӘ Қазақстанда жел электр станциясын салады

БАӘ Қазақстанда жел электр станциясын салады
Сурет: Elorda.info

Жоба шеңберінде көптеген жұмыс орындары ашылды

Екі ел арасындағы келісімді ратификациялау жобасы Мәжілістің қарауына ұсынылмақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап.

2023 жылы 2 желтоқсанда Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері тараптары жасаған Қазақстанда жалпы қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салу туралы келісім қағазға түсті. Құжат жобасы Мәжілістің қарауынан кейін ел президентінің қол қоюына ұсынылады. 

Құжатта жобаны жүзеге асыруға қатысты бұрын белгілі болмаған бірқатар мәліметтер келтірілген.

Мәселен, жоба шеңберінде 200-ге дейін тұрақты жұмыс орны және 1600-ге дейін уақытша жұмыс орны құрылатыны белгілі болды. 

Жобаны жүзеге асыруға шамамен 1,5 миллиард доллар инвестиция тартылатын болса, қосымша 3500 млрд кВтсағ жасыл энергия өндіріледі. Жаңа жел паркі Жамбыл облысында салынады. 

«Жобаны іске асыру ЖЭК секторын дамытуды жалғастыруға, 2030 жылға қарай – 15 пайызға қол жеткізуді көздейтін ЖЭК дамуының қабылданған нақты нысаналы индикаторларына қол жеткізуге, сондай-ақ жыл сайынғы көмірқышқыл газының (С02) шығарындыларын қысқартуға мүмкіндік береді», – делінген үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың түсіндірме жазбасында.