БАӘ-де зәулім ғимарат өртенді

БАӘ-де зәулім ғимарат өртенді
Сурет: Astanatv.kz

Біріккен Араб Әмірліктерінің Аджман қаласында көп қабатты ғимарат өртенді.

Бұл туралы видео әлеуметтік желіде бүгін тарай бастады. Соңғы мәліметке қарағанда, құрбандар жоқ. Бірақ, бірталай адам эвакуацияланған, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Аджман полициясы «Твиттерде» хабарлағандай, өрт сөндірілген.

Жергілікті ақпарат құралдарының дерегінше, бұл зәулім ғимарат 2016 жылы да өртенген.