Азия ойындарында Қазақстан нешінші орынға тұрақтады?

Азия ойындарында Қазақстан нешінші орынға тұрақтады?
Сурет: ашық дереккөз
Бүгін Қытайдың Ханчжоу қаласында жазғы Азия ойындарының жарыстары аяқталды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Азия ойындарының соңғы күнінде небәрі екі медаль сарапқа салынды. Синхронды жүзуден Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанса, каратэші Мөлдір Жаңбырбай 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жарыстың финалына шығып, тартысқа толы финалда Қытай Тайбэйінің өкіліне есе жіберді.

Қазақстан құрамасы Азия ойындарында барлығы 80 жүлде жеңіп алды: 10 алтын, 22 күміс және 48 қола. Медаль саны бойынша есепте біздің құрама 11-орынға тұрақтады.

Қазақстан құрамасы үшін спорттың 30 түрінен 525 спортшы бақ сынады. Айта кетейік, біздің құрама Азия ойындарына 1994 жылдан бері қатысып келеді.