Азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бастамалар

Азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бастамалар
Сурет: Абдулхалил Долкунтайдың әлеуметтік парақшасынан

Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі Абдулхалил Долкунтай

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әділетті Қазақстан құрудың тұғырнамасын жасады. Оны қазақтың көрнекті қоғам қайраткерлері қолдады. Ұлттық Құрылтай – халық пен Президент тікелей байланыста, оған барлық бастамаларды жеткізетін қазақ жұртшылығының жаңа тынысы. Идея өте жақсы, өйткені Ұлттық Құрылтай мүшелерінің ұсыныстары негізінде 2023-2025 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің кешенді жоспары бекітілді. Ұлттық Құрылтай қызметінің маңызды аспектілерінің бірі – азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және өмір сүру сапасын жақсартуға, оның ішінде жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бастамалар.

Құрылтай бастамаларының арқасында көптеген пайдалы құжаттар, еңбек құндылығы идеологиясын ілгерілетудің кешенді жоспары, Қазақстанның ақпараттық доктринасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары, «Балалар – Интернет – ақпараттық қауіпсіздік» Жол картасы, волонтерлік қызметті дамыту және қолдау бойынша Жол картасы, Талдау және зерттеу ұйымдарын дамыту бойынша Жол картасы. Бірыңғай білім беру бағдарламасын әзірлеу де басталып кетті, «Балалар кітапханасы» бағдарламасын бекіту және ұсынылатын 1770 кітаптан тұратын көркем әдебиеттер тізімін қалыптастыру мәдениетті дамытуға және құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл – жастар үшін өте қажет. Қазіргі жастар үшін өте қажет, өйткені ұлттық тамыр болашақ ұрпақ үшін тамыр болып қалуы керек.

Тағы бір қызық жоба, 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап Egov негізінде «Quryltai» қосымшасы жұмыс істейді. Мұнда нақты белгілі бір уақыт аралығында азаматтардың түрлі өзекті мәселелерге қатысты ойлары мен ұсыныстары жинақталады. Бұл – Мемлекет басшысының назарына тікелей ұсынылатын нағыз көпір.