Қазақстандық футзал клубтар чемпиондар лигасының 1/8 финалына өтті

Ереже бойынша жеңімпаз бір ғана ойын нәтижесімен анықталды

Футзалдан Уефа Чемпиондар лигасында қазақстандық «Қайрат» пен «Ақтөбе» жарыстың 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Ақтөбе» турнирдің 1/16 финалдық сатысында сырт алаңда Грекияның АЕК командасымен ойнады.

Кездесу барысында қазақстандық клуб жинақы қимылымен көзге түсті. Есепті ақтөбелік Бекжан Дәулетов 17-минутта ашты. Оған 18-минутта грекиялық Ткис Гусис бір голмен жауап қайырды. Бірінші кезеңде командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Екінші кезеңде «Ақтөбе» сапынан Уго Сильва Оливейра 22, Дмитрий Клочко 28, Асхат Құлбаев 32-минуттарда мергендігімен көзге түсті. Бұдан кейін алаң иелерінен Костас Пану есеп айырмасын қысқартқан еді. Қорытынды есепті 36-минутта қазақстандық Нұрбек Қарағұлов белгіледі.

Осылайша «Ақтөбе» 5:2 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің келесі сатысына жолдама алды. Ереже бойынша жеңімпаз бір ғана ойын нәтижесімен анықталды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *