Аяжан Еділованы өлтірген қылмыскерге сот үкімі шықты

Аяжан Еділованы өлтірген қылмыскерге сот үкімі шықты
egemen.kz

19 жастағы Аяжан Еділованы аяусыз өлтірген қылмыскер 25 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы Еркін Майшынов осындай үкім шығарды. Бойжеткеннің өмірін қиған адам Қылмыстық кодекстің 120 және 99-бабы бойынша кінәлі деп танылды.

Ол жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтейтін болды. Жәбірленуші тарап сотталушыдан 26 миллиард 358 миллион теңге мөлшерінде моральдік залал өндіруді талап еткен екен. Судья бұл арызды ішінара қанғаттандырып, 20 миллион теңге деп белгіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы тұрғыны Аяжан Еділова биыл 19 наурызда жұмыстан шыққан соң жоғалып кетеді. Бірнеше күннен кейін кісі қолынан қаза тапқаны анықталады.