Автокөлікті уақытша тіркеу мерзімі ұзартылды

Автокөлікті уақытша тіркеу мерзімі ұзартылды
almaty-akshamy.kz

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен былтырғы жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген көліктерді уақытша тіркеу мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Сондай-ақ, бұрын заңдастыруға құжаты тапсырылғанымен, өтініші кері қайтарылған көліктер де осы мүмкіндікті пайдалана алады. Бүгінге дейін 9 мыңнан астам темір тұлпар уақытша тіркеуге алынды.

Өзгеріс Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен былтыр 1 қыркүйекке дейін әкелінген көліктерге қатысты. Бес жылға дейін уақытша тіркеуге болады. Мамандардың айтуынша, тіркеу мерзімін ұзартудың бірнеше себебі бар. Кейде көліктің иесін табу мүмкін емес, кейде қаржылық ұйымда кепілде тұрады. Мәселе түрлі деңгейде бірнеше мәрте көтерілді. 

1 шілдеге дейін заңдастыруға құжаты тапсырылғанымен, заңдастырылмаған көліктер де уақытша тіркеуге қойылады. Қазақстандағы қожайыны осы мерзімде құжатын реттеуі тиіс. Бұл уақытта көлік шекарадан аспайды. Егер, мәселе шешілмесе, бес жылдан кейін ел аумағынан шығарылады.

Тіркелген көліктердің басым бөлігі Ресей мен Армениядан әкелінген. Сондай-ақ, бүгінде былтырғы 1 қыркүйектен кейін жеткізілген көліктерге де қатысты мәселе туындап жатыр.

Мамандардың сөзіне сүйенсек, 1 қыркүйектен бері ел аумағына енген көліктердің барлығы қосалқы бөлшек ретінде кіргізілген. Ол көліктер «автоконструктор» ретінде тіркеуге қойылады. Бірақ, ел аумағынан шығуға немесе басқа адамға сатуға рұқсат жоқ.