Ауламызда жарық жоқ

Гүлжамал АЯСХАНҚЫЗЫ,
Бостандық ауданының тұрғыны

Шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев мырза Алматыдағы барлық аулаға энергия жинақтаушы жарық диодты шамдар орнатуға тапсырма бергені есімізде. Бүгінде ауласы жарқырап, кешкілік алаңсыз серуен құрып жүрген көршілерімізді жиі көреміз. Енді біз тұратын Брусиловский көшесі, 249-үйдің ауласына да жарық орнатып берсе қуанар едік. Қараңғы болған соң ба, кейінгі уақытта ауламызға қаңғыбас иттер үйір болып барады. Сол себепті, біздің де ауламыз түнде жарқырап тұрса дейміз. Ол, біріншіден, қауіпсіздік, екіншіден, таза ауада серуендеуге жақсы ғой.
Бостандық ауданы әкімі аппараты коммуналдық шаруашылық бөлімі мамандарының айтуынша, тұрғындар жарығы жоқ ауланың нақты мекенжайын көрсетіп, Бостандық ауданы әкімінің атына өтініш жазуы керек.
Өтінішке бірнеше тұрғынның қолы қойылуға тиіс.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *