Ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкерлері тағайындалды

Ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкерлері тағайындалды
Inform.kz

Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерлері тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы мәлім еткеніндей, ерлерді Нұржан Смаханов, әйелдерді Иван Сивохин бастаған мамандар жаттықтыратын болды.

Бұдан бұрын федерация Ұлттық Олимпиада комитеті, сондай-ақ Мәдениет және спорт министрлігімен келісе отырып, Қазақстан ұлттық құрамасын екі командаға – ерлер мен әйелдерге бөліп басқару туралы шешім қабылдаған болатын.

«Нұржан Дәуренбекұлы мен Иван Павлович екеуі де – жоғары білікті мамандар. Құрама командада жұмыс істеген тәжірибесі бар. Алдағы уақытта да нәтиже шығаратынына сенемін. Командалар биылғы алғашқы оқу-жаттығу жиынына кірісті. Елдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты денсаулық жағдайымен барлық спортшылар түгел қатыса алмады. Дегенмен 13 ақпанда басталатын екінші жиынға қос команда да толық құрамда келеді деп үміттенеміз», - деді федерацияның бас хатшысы Алдияр Нұралинов.