8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөз

Алматыда көшпелі бұлтты

"Қазгидромет" РМК мамандары ұсынған мәліметке сүйенсек, еліміздің басым бөлігіне бұрынғыша ауқымды антициклон әсер ететіндіктен, ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Тек елдің солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қар жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қалың қар, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді, оңтүстігінде-көктайғақ, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман болады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз қалың қар жауады.

Астана қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауыспалы жел соғады, күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде -28-30°С,  күндіз -18-20°С  болады.

Алматы қаласы:  көшпелі бұлтты, күннің екінші жартысында қар жауады. Желдің күші  0-5 м/с болады. Ауаның температурасы түнде -8-10°С, күндіз -3-5°С болады.

Шымкент қаласы:  көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан екпіні 5-10 м/с болатын жел соғады. Ауаның температурасы  түнде -9-11°С, күндіз -1-3°С болады.