Жаңадан Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды

Жаңадан Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды
Сурет: Рrimeminister.kz

ҚР Үкіметінің қаулысымен Абзал Әлиұлы Әбдікәрімов Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі лауазымына тағайындалды

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Абзал Әбдікәрімов 1987 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Абай атындағы ҚазҰПУ, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Kings College London, University of London, IE Business School бітірген.

Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Қызметі:

Еңбек жолын 2010 жылы коммерциялық ұйымдарда бастаған.

2014-2015 жылдары - «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ инвестициялық жобалар департаментінің бас маманы, директоры.

2015-2016 жылдары - «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ департаментінің жоба жетекшісі.

2016-2019 жылдары - ҚР Ұлттық экономика министрлігінде министрдің кеңесшісі, департамент директорының орынбасары, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау департаментінің директоры.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.