Ауа райына байланысты 32 жол учаскесі жабылды

Ауа райына байланысты 32 жол учаскесі жабылды
Сурет: ашық дереккөз

Республикалық маңызы бар автожолдарды тазалау жұмыстары жүріп жатыр.

Еліміздің 5 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар трассалардың 32 учаскесі жабық, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.

Республикалық маңызы бар автожолдарда қар тазалау және көктайғаққа қарсы инертті материалдарды себу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жол қозғалысы Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында шектелді.