Атыраудың бұрынғы әкімі ұсталды

Атыраудың бұрынғы әкімі ұсталды
Сурет: интернеттен

Тергеу жүріп жатыр.

Атырау қаласының экс-әкімі Қ.Қ.Оразбаев қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Атырау облысының прокуратурасы қаладағы жер телімдерін заңсыз бөлу фактісі бойынша қала әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жасап жатыр.

Биыл 9 қарашада осы іс аясында Атырау қаласының экс-әкімі Қ.Қ.Оразбаев ұсталды.

«Осы іс аясында 9 қарашада Атырау қаласының экс-әкімі Қ.Қ.Уразбаев қамауға алынды, Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді», - делінген прокуратура таратқан  хабарламада.