Астанада Н.Назарбаевтың ескерткіші алынып тасталды

Астанада Н.Назарбаевтың ескерткіші алынып тасталды
Сурет: Nuo.kz

Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінің аумағынан тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020 жылы 80 жылдығына орай салтанатты түрде ашылған ескерткіші алынып тасталды.

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлттық қорғаныс университетінде  Tengrinews.kz тілшісіне ескерткіш шынымен алынып тасталғанын  және оның қазір қоймада екенін растаған.

Бұған жеке көз жеткізу мүмкін болмады, өйткені журналистті университет аумағына кіргізбеген.

Ескерткішке қатысты ресми түсініктеме Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінде хабарланады деп уәде берілді.