Астанада әуе рейстерінің кестесі біртіндеп қалпына келтіріліп жатыр

Астанада әуе рейстерінің кестесі біртіндеп қалпына келтіріліп жатыр
Сурет: ашық дереккөз

Астанадағы ауа райының жақсаруына байланысты рейстер кестесі біртіндеп қалпына келтіріліп жатыр, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Сағат 07:00-ден бастап Астанадан 10-ға жуық ішкі және халықаралық рейстер ұшып, сонша рейстер ұшып келді. Орындалмаған рейстердің жолаушыларын жеткізу үшін әуе компаниясы Алматы мен Астана арасында екі қосымша рейс енгізді" делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 30 желтоқсанда әуекомпанияның 40 рейсі кешікті және 20 рейсі орындалмады.

Дубайда 200 жолаушы және Ыстамбұлда 80 жолаушы қонақүйге орналастырылып, тамақпен қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ, сатып алу орнында әуе билеттерін тегін қайта брондау және билет құнын қайтару ұсынылады.