«Astana Media Week – 2021» шарасына әлемнің БАҚ өкілдері қатысады

«Astana Media Week – 2021»  шарасына әлемнің БАҚ өкілдері қатысады
Сурет: 24.kz

AMW-2021 барысында ақпараттық күн тәртібінің өзекті мәселелері көтерілмек

Айтулы шара 27-28 қыркүйек күндері өтеді. Оған беделді әлемдік БАҚ-тың топ-менеджерлері, мемлекеттік аппарат өкілдері, танымал журналисттер, құжатшылар және АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан блогерлері қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

24.kz сайтының хабарлауынша, Astana Media Week-2021 екі күнге созылады. AMW-2021 оқиғалары онлайн және офлайн-алаңдарда да жоспарланған.

Сонымен, онлайн режимінде «Деректі кино: тәжірбиесі мен болашағы» дөңгелек үстелі және «Медианы дамыту стратегиясы» конференциясы өтеді. Осы оқиғалардағы талқылауларға 5 елдің спикерлері қосылады. «Өткір әлеуметтік тақырыптарды қамту ерекшеліктері» және «Қазақ тілді баспалардың болашағы» атты дөңгелек үстелдері сарапшылардың, медиаменеджерлердің, журналисттер мен қоғамдық пікір көшбасшыларының басын қосады.

Күндердің бірінде Astana Media Week ұйымдастырушылары Formats Day жабық іс-шарасын өткізеді. Онда тұсаукесерлерді әлемдегі ең ірі телеөнім дистрибьютор-компанияларының өкілдері өткізеді. Formats Day қатысушылары жетекші бейне контент жасаушыларының серіктестері болу мүмкіндігіне ие болады. Бұл іс-шараның бағдарламасында теле-, радиобағдарламаларды жасауда жетекші мамандардың, жаңалықтар редакцияларының, баспасөз қызметтерінің басшыларының, блогерлердің шебер кластар сериясы да жарияланатын болады. Оқыту контентіне қатысты хедлайнер ретінде бизнес-жаттықтырушы, ТМД Спикерлері Қауымдастығының Президенті Радислав Гандапас сөз сөйлейді.

«Astana Media Week-2021» толық бағдарламасын astanamediaweek.kz. ресми ресурсынан табуға болады. Оқиға жаңалықтары әлеуметтік желілер парақшаларында жарияланады.