Асхат Оралов Солтүстік Қазақстанға баруы мүмкін бе?

Асхат Оралов Солтүстік Қазақстанға баруы мүмкін бе?
Сурет: Inbusiness.kz

Елімізде бірқатар ауыс-түйістер болып жатыр. 

Күні бүгінге дейін СҚО әкімі болған Айдарбек Сапаров қызметінен босатылып, Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды. 

Солтүстікке әкім болып бұған дейін   Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов әкім болып барады деген болжам бар. 

Естеріңізге сала кетейік, Асхат Оралов 2022 жылғы 2 ақпаннан 2023 жылдың 4 қаңтарына дейін «Nur Otan» партиясының, кейін атауы өзгертілген «AMANAT»  партиясының Атқарушы хатшысы болып жұмыс істеді. 

2023 жылдың 4 қаңтарындаеліміздің Мәдениет және спорт министрі  болып тағайындалды. Күні кеше, 1 қыркүйекте президент Тоқаев бұйрығымен қызметінен босатылған еді.

Ал бүгін қызметінен босатылған Жамбыл облысының әкімінің орнына сол облыс әкімінің орынбасары  Календеров Нұржан Сәбитұлы тағайындалуы мүмкін деген болжам жасалуда. 

Ол 2022 жылдың ақпан айынан бастап Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарады.