«Ashyq» тиімділігін көрсетті

 

«Ashyq» пилоттық жобасының арқасында коронавируспен ауыратын науқасты анықтауға мүмкіндік туды.

Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов онлайн-брифинг барысында айтты.

– Пилоттық режимде «Ashyq» өзін жақсы көрсеткенін айтқым келеді. Демалыс күндері қаладағы қонақүйдің біріндегі қабылдау бөлімінің қызметкері келушілердің бірі туралы айтып, хабарласқан. Қонақүй тұтынушысы «қызыл» статуста екеніне қарамастан, оқшауланудың орнына, хауызға түспек болған, – деді Сәдуақас Байғабылов.

Спикердің айтуынша, «Ashyq» пилоттық жобасы мониторингтік топтарға тамаша балама болып табылады.

 

Мониторингтік топтар жұмысы мінсіз

Қалада мониторингтік топтардың қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелмеген.

Олардың жұмысына байланысты  шағымдар мен сұрақтар туындаған жоқ. Сәдуақас Байғабыловтың сөзіне сүйенсек,  мониторингтік топтардың құрамына полицейлер, «Атамекен» ҰКП өкілдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосының қызметкерлері, қоғамдық ұйым өкілдері мен еріктілер кіреді. Барлық әкімшілік материалдар, хаттамалар мен рапорттар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне жолданады.

 

  • мың нысан қамтылды

Сәдуақас Байғабылов онлайн-брифинг барысында жыл басынан бері қанша нысан бақыланғанын айтты.

– Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап 12 мыңнан астам нысан бақыланып, 1500 заң бұзушылық анықталды. 3 мыңнан астам хаттама толтырылды, олардың 225-і шағын бизнеске тиесілі.  Айыппұлдың жалпы сомасы 80 млн. теңгеден асады, – деді Сәдуақас Байғабылов.

 

Журналистер қосылуы мүмкін

Бұл бастаманы отандық БАҚ өкілдері көтерді. Төртінші билік өкілдерінің мониторингтік топтардың құрамын кеңейту мүмкіндігі бар.

Бұл ӨКҚ алаңында өткен онлайн-брифинг барысында айтылды. Сәдуақас Байғабылов сұрақтарға жауап бере отырып, оны жоққа шығармайтынын жеткізді.

Әзірлеген Айкерім РАЙЫСҚЫЗЫ.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *