«АрселорМиттал Теміртаудың» жаңа инвесторы кім?

«АрселорМиттал Теміртаудың» жаңа инвесторы кім?
Сурет: интернеттен

Компанияның тұрақты жұмыс істеуі үшін кемінде 3 млрд доллар инвестиция керек.

Теміртаулық кәсіпорынның жаңа инвесторы – қазақстандық бизнесмен Андрей Лаврентьев, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

28 қазанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырған еді.

Әлихан Смайылов жаңа инвестор "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының тұрақты жұмыс істеуі үшін кемінде 3 млрд доллар инвестиция құюы керек екенін айтқан.

ArcelorMittal Temirtau JSC және ArcelorMittal Tubular Products Aktau JSC металлургиялық кәсіпорындарының барлық акциясын Лавреньтев сатып алды. Мәміле құны 286 миллион долларды құрады.

Андрей Лаврентьев – Allur компаниялар тобының (машина құрастыру) негізін қалаушы. Қазақстандық автобизнес қауымдастығының президенті. 44 жастағы бизнесмен қазақстандық "Форбс" тізіміне кіреді.