Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты қамалды

Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты қамалды
Сурет: Abai.kz

Адвокат пара беруге итермелеу күдігіне ілінді.

Бұрынғы министр Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Астана сотына сілтеме жасап.

"2023 жылғы 3 шілдеде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М. Тулеевті 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген Астана сотының хабарламасында.

Айта кетсек, 3 шілде күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты қамауға алынғаны туралы хабарлады. Ал А.Мұхамедиұлының әйелі пара беруге оқталды деп күдіктеліп отыр.