Мәжіліс депутаттары Қоғамдық кеңес өкілдерімен кездесті

Мәжіліс депутаттары Қоғамдық кеңес өкілдерімен кездесті
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Іс-шарада депутаттар Мәжілістегі өзгерістер, заңнама және Президенттің реформалары қалай қолданысқа енгізілетіні туралы айтып берді.

Әлеуметтік қызметтер үйінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ерлан Стамбеков, Айдос Сарым және Сергей Пономарев Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Кездесу барысында Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев Қоғамдық кеңес жұмысының маңыздылығын атап өтті. Оның пайымдауынша, бұл ведомство тек қаланың ғана емес, онда жұмыс істейтін адамдардың да дамуына серпін беретінін айта келіп, бүгінгі таңда бірқатар Қоғамдық кеңес мүшелерінің мәслихат пен Мәжілістің депутаттары болғанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, ол Парламентте заңдардың қалай қабылданатыны туралы баяндады.

Халық қалаулысы Ерлан Стамбековтың айтуынша, жаңа депутаттық корпус нақты нәтижеге бағытталған. Кездесуде қазақстандықтардың несие туралы заңына өзгертулер енгізуді ұсынғаны жөнінде айтып өтті.

«Мен осы заңның бастамашысы болдым. Қазір несие беру ережелері күшейтіліп жатқанын көріп отырмын. Сондай-ақ, заңға қол қойылғаннан кейін бірден жедел және тиімді өзгерістер енгізілді», – дейді Е.Стамбеков.

Ал Мәжіліс депутаты Айдос Сарым депутаттардың облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттардың қызметін оңтайландыру міндетін қойып отырғанына тоқталды.

«Біз халықтың шалғай қалаларға барудың орнына жергілікті жерлерде проблемалардың шешімін табуы үшін энергияны дұрыс бағытқа бағыттағымыз келеді. Бұл бағытта Алматыда ешқандай проблема жоқ. Өйткені, мұнда өте белсенді мәслихат пен қоғамдық кеңес бар, бірақ жалпы Қазақстан бойынша бұл мәселе ақсап тұр. Оны шешу үшін біз қазір Сенатта қаралып жатқан қоғамдық бақылау туралы заң әзірледік», - деді А.Сарым. 

Кездесу соңында осындай талқылауларды тұрақты түрде өткізу қажеттігі айтылды.