Алматыда көлікті ұрлаған адам ұсталды

Алматыда көлікті ұрлаған адам ұсталды
Cурет: Ашық дереккөз

Күдікті бұрын да ұрлық жасағаны үшін істі болған

Алматыда көлік ұрлап әкеткен адам қолға түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz қалалық ПД-не сілтеме жасап.

Мәселе 31 жастағы О.есімді азаматтың заңсыз әрекеті туралы. 

«Біздің бөлімшенің кезекші бөліміне Toyota Camry көлігінің ұрланғаны туралы арыз түсті. Қаланың бейнебақылау жүйелері арқылы күдіктінің жүріп өткен жолын анықтауға мүмкіндік туды. Жарияланған «Ұстау» жедел жоспарының нәтижесінде оның жолы кесілді: көлікті ұрлаған адам ұсталды. Ол өз ісін мойындады. Айтпақшы, ұсталған азамат бұрын да осыған ұқсас қылмыстары үшін бірнеше рет сотты болған. Қазіргі уақытта ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Қаскөй уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков. 

Оның айтуынша, көлік ұрлығы алдыңғы есікті бұрағышпен ашу арқылы жасалған.