Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тергеу соты басталды

Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тергеу соты басталды
Сурет: Inform.kz

Сот отырысы онлайн режимде өтіп жатыр. 

Нұр-Сұлтан қаласында бұрынғы Мәдениет министрі, ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша тергеу соты басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап. 

Сот отырысы онлайн режимде өтіп жатыр. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің «Сотқа дейінгі тергеу мәліметтерін жария етуге жол бермеу» бабы бойынша БАҚ өкілдері қатыса алмайды.

Айта кетейік, Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы сот санкциясымен биыл 28 мамырда екі айға қамалды. Оған бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр.