Елімізде неге шетелдік көлік алуға жеңілдетілген несие берілмейді?

Елімізде неге шетелдік көлік алуға жеңілдетілген несие берілмейді?
stan.kz

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев шетелдік көлік алуға неге жеңілдетілген автонесие берілмейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

«Шетелдік көлік алуға жеңілдетілген автонесие беріле ме, берілмесе, неге қарастырылмаған?» - деп сұрады БАҚ өкілі Үкіметтің отырысынан кейін өткен брифингте.

«Әрине, қарастырылмайды. Бұл – нонсенс. Біз неге бөтен өндіріске, бөтен жұмыс күштеріне, өзгенің салық салынатын базасына жеңілдік ұсынуымыз керек пе? Әрине, жоқ. Тек отандық өндірістің көліктеріне ғана жеңілдетілген автонесие беріледі. Біз өзіміздің өндіріске ғана, өзіміздің салық салынатын базамызға және өзіміздің жұмыс орындарымызға автонесие беруіміз керек», - деді Қайырбек Өскенбаев.

Аталған шарада ҚР ведомство басшысы утильдік алымның өзгеруі көлік бағасын азрандатпайтынын да айтты.

«Шетелден келетін көліктердің бағасын да ертеңінде түсіреді деп айтуға еш негіз көріп отырған жоқпын. Мысалы, жол талғамайтын қымбат көлік әкелсе, өз қалтасына салатын құны өседі де, халық үшін арзандамайды деп ойлап отырмын», - деді министр.