Қар тазалау тәулік бойы тоқтамайды

Алматыда 2020 жылдың 22 қаңтардағы қар тазалау бойынша ақпарат

22 қаңтарда 13.30-да таулы аймақтарда, 15.15-тен бастап қалада қар жауа бастады. Көктайғақтың алдын алу үшін  215 құмшашқыш көктайғаққа қарсы материал септі. Қар тазалауға 608 техника, 1306  жұмысшы жұмылдырылды.

Сағат 21.00-дегі жағдай бойынша қалаға 5 см-ге дейін, таулы аймақтар мен тау бөктеріне 20 см-ге дейін қар түскен.

Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауған кезден бастап жолдарға, қиылыстар мен жолайрықтардың кіреберістеріне, тау бөктері мен таулы аймақтарға көктайғаққа қарсы материал себіліп, қар тазаланды. Көктайғаққа қарсы 2 680 тонна материал пайдаланылды.

Тротуарлар, жаяу жүргіншілер аймағы, қоғамдық көлік аялдамалары мен автотұрақ қалталарын тазарту жұмыстары жалғасуда.

Түнде қар тазалайтын колонналар ұйымдастырылады.

Түнгі қар тазалау жұмысына 568 техника, оның ішінде 219 құмшашқыш пен 400-ден астам жұмысшы жұмылдырылады.
Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылған.

Қазгидрометтің болжамы бойынша бүгін ауа температурасы түнде минус 10, -12, 23 қаңтарда минус 5, -7  болады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *