Альцгеймер ауруын тежейтін тәсіл табылды

Альцгеймер ауруын тежейтін тәсіл табылды
Сурет: Islam.kz

Колорадо университетінің ғалымдары белгілі бір ақуызды тежеуді қамтитын әдіс Альцгеймер ауруында кездесетін синапстар мен дендритті өскіндердің  жойылуын тоқтата алатынын анықтады.

Бұл жайында islam.kz порталы eNeuro мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл бағыттағы тәжірибе барысында нейродегенеративті ауруды симмуляциялайтын, яғни, моделдейтін кеміргіштердің нейрондары пайдаланылды. Нутлин деген атпен белгілі тәжірибелік обырға қарсы дәрімен Mdm2 ақуызына әсер ете өз кезегінде Альцгеймер ауруы кезінде түйіршіктер түзетін мидағы нейрондарға улы болып келетін β-амилоид ақуыздарының көбеюін тоқтатады әрі дендриттің тікенекті (днедриттің беткі жағындағы мембраналық өскінді) жою арқылы синапстарды бұзатын болып шықты.

Дендриттік тікенектер - бұл дендриттерден шығып тұратын және синапстар арқылы аксондардан жүйке сигналдарын қабылдайтын проекциялар. Артық дендриттерден арылу биологиялық нейрон желісінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді, алайда, Альцгеймер ауруында синапстардың жоғалуы әдеттен тыс жедел жүреді.