«Алтын-Емел» мемлекеттік ұлтық табиғи паркінде жабайы аңдар көбейіп барады

«Алтын-Емел» мемлекеттік ұлтық табиғи паркінде жабайы аңдар көбейіп барады
Сурет: Самат Құсайынов

«Алтын-Емел» мемлекеттік ұлтық табиғи паркінде жабайы аңдар көбейіп барады.

Себебі ұлттық саябақ аумағындағы қызыл кітапқа енген құлан саны төрт мыңға, ал қарақұйрық алты мыңға жеткен. Мұнда Қазақстанның қызыл кітабына енген жан-жануарлардың 25 түрі мекен етеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz .24.kz-ке сілтеме жасап. Жайылымның тарылуына байланысты қазір құландарды еліміздегі өзге резерваттарға жерсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Іле өзенінің оң жағалауындағы жазықтық пен Жетісу Алатауының сілемдерінде орналасқан парк аумағында Пржевальский жылқылары, 3 мыңдай таутеке және 115 бас Тянь-Шань арқары бар. Ал қар барысының саны 13-ке жеткен. Парк қызметкерлері соның үшеуінің мойнына сандық қарғыбау тағып, бет алған бағытын үнемі бақылап отыр. Биыл «Алтын-Емелге» 16 мыңнан астам турист келген. Коронавирус пандемиясы аяқталғалы мұнда шетелдік саяхатшылар да жиі табан тірейтін болды. 

Қуат Байтұрбаев, "Алтын-Емел" МҰТП" бас директоры:

- «Алтын-Емел» паркінен басқа резерваттарға, парктерге осы жерден жіберіп жатырмыз. «Іле-Балқашқа» былтыр 60 бас жібердік. «Алтын далаға» да жібердік. Барлығының саны 304 бас құлан осы жерден жіберіліп жатыр. Қазақстанда бірінші рет осы «Алтын-Емелдің» тауынан снежный барс дейміз ғой, ілбістерді ұстап, 3 барысқа біз ошейник кигіздік.

Мұрат Сыдығалиев, "Басши" орманшылығының басшысы:

- ЮНЕСКО-ға кірдік. Құлан кетіп қалмауы үшін біздің территориядан қыстың күні қар жауып, нететін болса, ішіне шөп төгеміз. Құстарға беседкалар орнатамыз. «Алтын-Емел» ұлттық табиғат паркінің жан-жағының бәрі қоршауда. Мына жағында пост тұр, күншығыс жағында тағы пост тұр. Ешқандай кіру деген жоқ. 10 жылдың көлемінде қазір ешқандай заңбұзушылық жоқ деп есептеуге болады.