«Almaty Ustazy» байқауының финалистері Сингапурда оқу тәжірибесінен өтеді

«Almaty Ustazy» байқауының финалистері Сингапурда оқу тәжірибесінен өтеді
Суретті түсірген - К.Қонысбаев

Алматыда жас педагогтарға арналған «Almaty Ustazy» байқауы аяқталды. Алматы әкімі Ерболат Досаев Мұғалімдер күнін тойлауға орайластырылған мереке кезінде Сингапурда оқу тәжірибесінен өтуге сертификаттармен марапаттады. 

Шетелге №159, 168, 202, 206, 24 мектеп мұғалімдерінен 5 финалист баратын болды. Сингапурда мұғалімдер жетекші мектептердің жұмысымен танысып, шетелдік оқу орындарымен тәжірибе алмасады. Бас жүлде иегері № 159 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Салтанат Анапияева 5 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды. 

Байқауға қатысушылар үшін қала әкімінің жасампаздық пен шығармашылық үшін арнайы сыйлығы қарастырылған. Оны №105, 94 мектеп-гимназиясы мен №134 мектеп-лицейінен үш қатысушы алды. 

«Almaty Ustazy» байқауы 2023 жылдың 1 сәуірінде басталып, үш кезеңде өтті. Оған 2,5 мыңнан астам адам қатысты.