Алматының Жетісу ауданында кейбір ғимараттарға жылу беру уақытша тоқтатылады

Алматының Жетісу ауданында кейбір ғимараттарға жылу беру уақытша тоқтатылады
almaty-akshamy.kz

Биыл 23 қарашада Жетісу ауданының Рысқұлов — Жансүгіров — Глазунов — Сейфуллин көшелерінің аумағындағы, сонымен қатар, Құлагер, Дорожник және Айнабұлақ-1, 2, 3, 4 шағын ауданындағы бірнеше тұрғын және өзге де ғимараттарға жылу беру уақытша шектеледі, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  «Алматы жылу желілері» ЖШС сілтеме жасап.

Сорғы станциясында ілмекті арматурасын ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жылумен және ыстық сумен жабдықтауды уақытша шектеу енгізіледі. 

Аталған қалалық секторда жылу мен ыстық су беруді түн ортасына дейін қалпына келтіру жоспарланған.

Аталған ауданда тұратын алматылықтар мен қала қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, қандай да бір штаттан тыс жағдай туындаған кезде (су, бу, т.б. шығарындылар) өз бетінше әрекет жасамай, төменде көрсетілген нөмірге қоңырау шалу арқылы хабарлауға кеңес береміз: 
+7 (727) 378-06-65 (тәулік бойы),
+7 (727) 341-07-77 (08:00-ден 18:00-ге дейін) немесе 109.