Алматының урологтары жаңа лазерлік аппаратты игеруде

Алматының урологтары жаңа лазерлік аппаратты игеруде
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Дәрігерлер жаңа аппаратты сынап көрді

Бүгін Орталық қалалық клиникалық ауруханада қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясын емдеу және жұмсақ тіндеріне хирургия жүргізуге арналған жаңа лазерлік тулий аппаратты игеріп-меңгеру бойынша мастер-класс өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  


ОҚКА баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы қаласының урологтары үшін мастер-класты Мәскеу облысының Коломенский ОАА урология бөлімшесінің меңгерушісі Дмитрий Баранцев жүргізді.

Маманның айтуы бойынша, осы лазерлік тулий құралы нарықта ең үлкен өндірілу қуаттылығымен, яғни, 200 Вт және ашық түрде, жұмсақ тіндердің резекциясы, абляциясы, вапоризациясы  (3мин/г жылдамдықпен), коагуляциясы, эксцизиясы және гемостаздарына эндоскопиялық және лапароскопиялық хирургия жүргізу үшін қолданылады. Мастер-класс барысында «Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы»,  басқаша айтқанда, қуық асты безі аденомасы диагнозы бар екі науқасқа шағын инвазивті операция жасалды. 

«Біз бұрын операцияны лазерлік аппараттың көмегімен жасайтынбыз. Тулий лазерін қолдану бізге жаңа сапалы деңгейге жету және науқастардың оңалту мерзімін қысқарту мүмкіндігін бермек. Бұл дегеніміз - біз науқастардың еселенген сан мөлшеріне көмектесе аламыз деген сөз. Сонымен қатар, осы технологияны қолдану арқылы біз антикоагулянтты тұтынатын науқастарымызға операция жасай аламыз. Бүгінгі күні біз қуық асты безінің аденомасымен ауратын екі науқасқа операция жүргіздік. Операция сәтті өтті. Мұнда, сондай-ақ, осы аппараттың көмегімен несеп жолына стриктура, қуықтың мойнын (BNI) кесу, қуық ісігіне, несеп жолы мен несепағар жолына абляция және резекция жасау, үрпіні тілу немесе уретротомию, BHP, қуық асты безін трансуретралды түрде кесу (TUIP), қуық асты безіне лазерлі энуклеация жасу, қуық асты безіне лазерлі абляция жасау, нефрэктомию жүргізе алатынымызды да айта кеткен жөн», - дейді Орталық қалалық клиникалық аурухананың урология бөлімшесінің меңгерушісі Сәкен Бименов.

Тулий лазерінің бірталай артықшылығы бар. Энергияның аса тығыз шоғының арқасында тіндердің кесіп алып тастау жеңіл өтіп, гемостазға әсерін тигізіп, қансырауды тоқтата отырып, соңынан тіннің тез жазылуына әсер етеді. Орталық қалалық клиникалық ауруханада күнделікті осындай операцияның жетеуі жүргізіледі, ал, жыл сайын оның саны 700-ге жетпек. Бұл жабдықты тек урология саласында ғана емес, сондай-ақ, торауалды хирургия, жалпы хирургия, ЛОР және гинекология саласында да қолдануға болады.