Алматының тұрғын алабында есірткі таратушылар ұсталды

Алматының тұрғын алабында есірткі таратушылар ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Алматының тұрғын алабында есірткі таратушылар ұсталды.

Бірінші жағдайда есірткі құралдарын, психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде заңсыз сақтаған 35 жастағы әйел адам болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Оның іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сараланады. Күдікті қамауға алынды. Біздің бөлімше қызметкерлерінің назарына 33 жастағы К.есімді азамат та ілікті. Ол да аса ірі көлемде есірткі, психотроптық заттармен заңсыз айналысты деген күдікке ілінді. Екі күдікті де ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес, ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сот-химиялық сараптама тағайындалды. Сонымен қатар басқа да ықтимал қылмыстық эпизодтарды анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр», – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.