Жеңімпазға - 1 000 000 теңге

Жеңімпазға - 1 000 000 теңге
Сурет: Info-profi.net

2022 жыл 14 желтоқсан шығармашыл жастар арасында JAS GALA іс-шаралар кешенін жүзеге асыру аясында жас дизайнерлер байқауы өтеді. 

Қазақ логистика және көлік академиясының базасында өтетін шараға танымал отандық маркетологтар мен дизайнерлер қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Кәсіпкер, маркетолог, бренд-маман, Kex Group, Поток, TOP fat, Medovic, ROYAL flowers отандық брендтерінің авторы Каймолданова Лейла шеберлік сағатын жүргізеді. Сондай-ақ, маркетолог, дизайнер Абай Омар форсайт, халықаралық білім беру корпорациясының маркетинг департаментінің директоры Асқар Азаматұлы митап өткізеді, т.б. тәжірибелі спикерлер сөз сөйлеп, әртістер өнер көрсетеді.

Байқау жеңімпаздарына 1 000 000 теңге көлемінде бағалы сыйлықтар беріледі.
Жас дизайнерлер байқауы Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының әлеуметтік тапсырысы бойынша «JAS GALA» жобасы аясында өткізілуде.

Байқау 14 желтоқсан күні сағат 13.00-де Шевченко көшесі, 97, Логистика және көлік академиясының акт залында өтеді