Алматының түнгі клубында «синтетика» сатушы ұсталды

Алматының түнгі клубында «синтетика» сатушы ұсталды
Сурет: ашық дереккөз

Алматы қаласының түнгі клубтарының бірінде мефедронды өткізу кезінде Жамбыл облысының 26 жастағы тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz .

Polisia.kz мәліметіне сәйкес, синтетикалық есірткінің дозалары салынған орамдарды күдікті ұялы телефонының чехолына жасырған. ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметінше, клубта толығымен тінту жүргізілген, алайда бұдан басқа тыйым салынған заттар табылмаған.