Алматының көлік полицейлері мемлекетаралық іздеудегі өзге ел азаматын ұстады

Алматының көлік полицейлері мемлекетаралық іздеудегі өзге ел азаматын ұстады
Сурет: Polisia.kz

Мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат қолға түсті.

“Заңсыз келуші – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасының үш күнінде көлік полицейлері 73 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде 58 шетелдік Қазақстанда болу қағидаларын бұзғаны үшін, оның 54-і ТМД азаматтары болса, алыс шет елдерден келгендер саны – 4, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл туралы көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов хабарлады. Оның айтуынша, сот шешімі бойынша 5 шетелдік елден тысқары шығарылды.

«Сондай-ақ осы іс-шара барысында Стамбұл – Алматы бағытындағы әуерейсі ұшып келгеннен кейін Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ-мен бірлесіп Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 158-бабы бойынша мемлекетаралық іздеуде жүрген 33 жастағы Ресей Федерациясының азаматын анықтап, ұстады», – деді Мадияр Айтуғанов.

Естеріңізге сала кетейік, 19-25 маусым аралығында Қазақстан Республикасында заңсыз жүрген адамдарды анықтау және департаменттің қызмет көрсету аумағында заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу мақсатында “Заңсыз келуші – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.