Алматының  Индустриалды аймағының директоры болып Әлішер Сатыбалдиев тағайындалды

Алматының  Индустриалды аймағының директоры болып Әлішер Сатыбалдиев тағайындалды
almaty-akshamy.kz

«Алматы «ӘКК» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен «Алматы - Индустриалды аймақ» ЖШС директоры болып Әлішер Жұратұлы Сатыбалдиев тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Әлішер Сатыбалдиев 1990 жылы 19 ақпанда Алматы қаласында  туған. 

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Maxwell School of Citizenship and Public Affairs (Executive certificate ofadvanced study), «UIB» Халықаралық бизнес университетін, «Тұран» университетін және Заңтану академиясын, «Әділет» жоғары құқық мектебін бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы «Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ маманы болып бастаған. 

2017-2019 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған. 

2019-2021 жылдары Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары  болып жұмыс істеген.

2021-2022 жылдары «Алматы «ӘКК» АҚ аппарат басшысы қызмет атқарған.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. Мемлекеттік қызметтегі жалпы жұмыс өтілі 9 жылдан асады.