Алматының ең үздік мектебі 48 миллион теңге ақшалай сертификатқа ие болды

Алматының ең үздік мектебі 48 миллион теңге ақшалай сертификатқа ие болды
Сурет: Rdfire.kz

Бүгін  Алматыда «Білім мегаполисі: болашақтың мектебі қандай болуы керек?» атты тамыз конференциясы өтуде.

«Білім мегаполисі: болашақтың мектебі қандай болуы керек?» атты тамыз конференциясында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жаттықтырушыларға сертификаттар және «Үздік жалпы орта білім беру ұйымы – 2022» қалалық байқауының жеңімпаз мектебіне сертификат табыс етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап. 

25 тамызда Алматыда «Білім мегаполисі: болашақтың мектебі қандай болуы керек?» атты тамыз конференциясы өз жұмысын бастады.

Конференция барысында бес жаттықтырушыға әрқайсысы 500 мың теңге болатын сертификаттар табысталды. Олар: Күнғожин Нұрбек, Жук Владимир Васильевич, Жұмадиллаев Қалдархан Нұрмаханұлы, Сатылханов Темірлан Қайратұлы, Смайылов Бауыржан Болатұлы.

Сондай-ақ қала әкімі үздік білім беру мекемесі болып танылған «Білім – Инновация» мамандандырылған лицей-интернатына 48 миллион теңгенің ақшалай сертификатын табыс етті.