Алматылықтар Telegram арқылы жолдарын жөндеуге өтініш бере алады

Алматылықтар Telegram арқылы жолдарын жөндеуге өтініш бере алады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматыдағы жолдардың бойындағы ақауларды енді Almaty_Joly Telegram-арнасының чат-ботына хабарлауға болады.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, мегаполис тұрғындары қала жолдарындағы шұңқырлар мен оларды жөндеу бойынша өтініш бере алады. Ол үшін жол инфрақұрылымына арналған арнайы Telegram арнасының AlmatyJolybot чат-ботына (https://t.me/AlmatyJolybot) мыналарды жіберу қажет:

* өтініш мәтіні,
* жол ақауының фото/видеосы,
* мекенжайы мен нақты координаттары,
* байланыс деректері.

"Келіп түскен өтініштер өңделген соң, жол бойындағы кемшіліктерді жою үшін шаралар қабылданатын болады. Сонымен қатар, AlmatyJolybot Telegram арнасында (https://t.me/AlmatyJolybot) жол-жөндеу жұмыстары, қалалық көлік жұмысындағы өзгерістер туралы ақпарат жарияланатынын хабарлаймыз", - деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.