Алматылық оқушылар АҚШ-тағы робототехника бойынша үздік ондыққа кірді

Алматылық оқушылар АҚШ-тағы робототехника бойынша үздік ондыққа кірді
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстанның робототехника тарихында алғаш рет АҚШ-тағы әлем чемпионатында Алматы қаласының құрама командасы үздік ондыққа кіріп, көшбасшылар қатарынан көрінді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

1737 K Urei командасының оқушылары Vex Spin Up санатында өткен 10 іріктеу матчының 9-да жеңіске жеткен.

Мінекей, осылайша олар өз дивизионындағы 80 команда арасында 9-орын иеленді. Жарыс 25 сәуірден бастап Даллас қаласында (АҚШ) 4 мамырға дейін жалғасады. 

Vex Spin Up санатына 6-12 сыныптардан жасақталған 11 500 команда қатысады.

Бұған қоса, Алматы қаласының екі командасы: 1737d Dream ON және 1737Y Blue Ribbon тамаша нәтижеге қол жеткізіп, ширек финалға шықты. Қазір жасөспірімдер арасындағы сайыс басталады. Біздің оқушыларға жаңа жеңіс тілейміз!