Алматылық азаматтан қару-жарақ пен есірткі тәркіленді

Алматылық азаматтан қару-жарақ пен есірткі тәркіленді
polisia.kz

 Алматыда арнайы іс-шара барысында үйінде қару-жарақ пен есірткі сақтаған азамат ұсталды

Алматы «Есірткі бизнесімен күрес» жобасы аясында 44 жастағы С. есімді Түрксіб ауданының тұрғыны ұсталды. Ол үйінде қару-жарақ пен есірткі сақтаған әрі заңсыз есірткі сатумен айналысқан.

«Жедел деректерге сәйкес, күдікті есірткі заттарын, атап айтқанда, марихуананы заңсыз сатумен айналысады. Оның үйін рұқсат етілген тінту кезінде, сарайында әскери қол гранатасына ұқсас затты, Макаров тапаншасына ұқсас қаруды, патрондарды, есірткіні қолдануға арналған екі пластик ыдысты, ішінде заты бар шыны талшықты қапшық, сондай-ақ оған ұқсас заты бар екі полиэтилен байлам табылып, тәркіленді. Сонымен қатар бақшадан жабайы өсетін қарасораның ерекше иісі бар жасыл өсімдік заты салынған екі бақша ыдысы табылып, тәркіленді», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша тіркелді.

«Сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, сот үкімімен белгіленгенге дейін әр адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады», - деп хабарлады полициядан.