Алматыдағы көп қабатты үйлердің бірінің қабырғасына Мұқағали Мақатаевтың суреті салынды

Алматыдағы көп қабатты үйлердің бірінің қабырғасына Мұқағали Мақатаевтың суреті салынды
Сурет: 24.kz

Ақиық ақынға арналған мурал пайда болды

Мурал мұзбалақ ақынның 90 жылдығына арналды. Авторы - жас суретші Аманқұл Нұрболат. Ақиық ақынның туған туыстары өнерпаздың туындысын жоғары бағалады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ал шараға шиналған ақын-жазушылар қаладағы  еңселі үйлерге тау-тұлғалардың бейнесі көптеп салынса деген тілек айтты. 

«Таулар таулар, ей, таулар, ығысыңдар, орын сайла ортаңнан жұмысым бар, - дейтін Мұқағали ғой! Таулардың арасында ғана емес, қазақтың даласында, осындай ығы-жығы болып жататын қаласында да қызмет ете беретін Мұқағали. Сондықтан мынандай үлкен зәулім үйдің қабырғасында бір рухтың келбеті боп, рух болып сөйлеп тұратын тұлға міндетті түрде қажет», - деді ақын Бақыт Беделхан.