Алматыдағы атыс бойынша екі қылмыстық іс қозғалды

Алматыдағы атыс бойынша екі қылмыстық іс қозғалды
Сурет: Almaty.tv

Алматыдағы атыс оқиғасына кінәлі адам 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Алматыдағы атыс бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы брифинг барысында қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

ҚазАқпарат агенттігінің ақпараты бойынша, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Одан жауап алынып жатыр. Мәліметтер анықталуда.

Қанат Таймерденовтың сөзінше, күдіктінің атына қару 2008 жылы тіркелген, ол психиатриялық диспансерде есепте жоқ. Оның айтуынша, ведомствоаралық жедел топ құрылды, алдағы уақытта тергеу нәтижелері бойынша полиция толық ақпарат беретін болады.

«Қызмет барысында қаза болған полиция қызметкерлерінің отбасыларына көмек көрсетіледі. Олардың кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар»,- деді спикер.

Бұған дейін Бақытжан Сағынтаев олардың отбасына тиісті көмек көрсетілетіні туралы айтқан болатын. Кейінірек Жеке сот орындаушыларының палатасы оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Айта кетейік, осыған дейін Алматыда атыс болып, 5 адамның қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз. Аталған жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Кінәлі адам 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.