Келесі аптадан бастап қазақстандықтар той өткізе алады

Келесі аптадан бастап қазақстандықтар той өткізе алады Сурет: Newtimes.kz

27 қыркүйектен бастап бірқатар іс-шара өткізуге рұқсат беріледі.


Келесі аптадан бастап қазақстандықтарға той өткізуге рұқсат берілді. Ashyq бойынша «қауіпсіз» мәртебесі бар қызметкерлер мен келушілердің қатысуымен бірқатар іс-шара өткізуге рұқсат етілді. Бұл туралы Қазақстанның Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Primeminister.kz сілтеме жасап.


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанын, соңғы 2 аптада сырқаттанушылық пен өлім-жітім деңгейі 60%-ға төмендегенін айтты. Осыған байланысты ВАК бірқатар шешім қабылдады:



16 елмен әуе қатынасын жаңарту және ұлғайту (Ресей Федерациясы, Түркия, БАӘ, Өзбекстан, Германия, Мальдив, Корея, Польша, Венгрия, Италия, Чехия, Шри-Ланка, Қытай, Сауд Арабиясы, Кувейт, Әзербайжан). 


Қолайлы эпидемиологиялық ахуалы және халықты вакциналаудың жоғары деңгейі бар 30 шет мемлекетпен Қазақстан Республикасына кіру үшін визасыз режимді қайта бастау (Италия, Нидерланды, Франция, Германия, Испания, Жапония, БАӘ, Сауд Арабиясы, Кувейт, Польша Дания, Чили, Венгрия, Корея, Чехия, Бахрейн, Катар, Монако, Кипр, Исландия, Финляндия, Мальта, Швеция, Португалия, Лихтенштейн, Словакия, Люксембург, Канада, Сингапур, Бельгия).



Сондай-ақ Ержан Тоғжанов вакцина алудың қолжетімділігін арттыру мақсатында әкімдіктерге әуежайларда, темір жол вокзалдарында, ірі базарлар мен сауда орындарында талаптарға сәйкес келетін пункттер ұйымдастыруды тапсырды.


 ВАК отырысының қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары бірқатар басқа тапсырмалар берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21