Алматыдағы Ресейдің бас консулдығы үндеу жолдады

Алматыдағы Ресейдің бас консулдығы үндеу жолдады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

17 наурызда Ресейде президент сайлауы өтеді.

Алматыдағы Ресей Федерациясының Бас консулдығы осыған орай үндеу жолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

17 наурызда Бас консулдықтың аумағында (Алматы, Жамбыл, Жетісу, Түркістан, Қызылорда облыстары, Алматы, Шымкент қалалары) сайлауға байланысты дауыс беру өтеді. Хабарламаға сәйкес, дауыс беру 08:00-де басталып, 20:00-де аяқталады. Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 4 мекен жайы бойынша Ресей Бас консулдығының ғимаратында орналасқан №8133 сайлау учаскесі мен №8134 сайлау учаскесінде дауыс беруге болады , - делінген Алматыдағы Ресей Федерациясының Бас консулдығы таратқан ақпаратта.