Еліміздің пойыздарында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған вагондар болады

Еліміздің пойыздарында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған вагондар болады
Сурет: Passazhiram.ru

136 теміржол вокзалы мен станциясы мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделген. 

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2024 жылдың басынан бастап облыстар арасында қатынайтын барлық поездың құрамында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған вагондар жүретін болады.

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев мәлім етті.