Алматыдағы өрт: Жедел желі телефоны жұмыс істейді

Алматыдағы өрт: Жедел желі телефоны жұмыс істейді
almaty-akshamy.kz

Ағымдағы жылдың 30 қарашасында сағат 11:30-дағы жағдай бойынша Алматы әкімдігі эвакуацияланған 56  тұрғынының 49-ы үш локацияға орналастырылды. Қалған 7 адам орналастырудан бас тартты. Барлығы тегін тұрады әрі тамақпен қамтамасыз етілген.

Тұрғындарға медицина қызметкерлері, психологтар, аудан әкімдігінің өкілдері және бала құқықтары жөніндегі уәкіл қолдау көрсетеді.

Хостелдегі өртке байланысты ТЖ департаментінде жедел желі телефоны жұмыс істейді: 8 727 278 20 83 және 8 727 278 20 84.